Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
14262 03.10.23, 19:03
Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылы 3 маусымда Торғай облысында дүниеге келген.
Білімі:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
2001-2005 жылдары Астана қаласы Сарыарқа, Алматы аудандары прокуратуралары басқармаларының прокуроры, бөлім прокуроры, прокуроры, Астана қаласы прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, Астана қаласы прокурорының көмекшісі, сондай-ақ Астана қаласы прокуратурасы Басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2009 жылдары-прокурор, Бас прокуратура департаменті бөлімінің аға прокуроры, кейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009-2016 жылдары Бас прокуратура Департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры, Бас прокуратура Департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.
2016 – 2017 жылдары-Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры, Бас прокуратура Департаментінің бастығы.
2017 жылдан 2020 жылға дейін банк саласында жұмыс істеді.
2020 - 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.
2023 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.