Сахария Қанат Ақылбайұлы

«MEDIAHOLDING«ATAMEKENBUSINESS» ЖШС бас директоры 

8207
Сахария Қанат Ақылбайұлы

Қанат Сахария 1975 жылы 13 қазанда дүниеге келген. 

Білімі:

1997 ж. – Қазақ мемлекеттік медицина университеті, мамандығы «дәрігер-стоматолог»

2001 ж. – Қазақ Ұлттық заң академиясы, мамандығы «құқықтанушы»

2008 ж. – Францияның Жоғары коммерция мектебі (HEC, Paris).

International Executive Master of Business Administration (IE MBA) дәрежесі

2007 ж. - Asia Law & Practice жыл сайын жасайтын Азия-Тынық мұхиты корпоративтік заң кеңесшілерінің тізіліміне енген (Legal Media Group)

2013-2015 жж. - Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы.

Іскери әкімшілдендіру докторы

Еңбек жолы:

2001-2006 жж. - «Хабар» агенттігі» АҚ-да заңгер, заң бөлімінің басшысы.

2006-2012 жж. - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма мүшесі.  

2012-2014 жж. - «Қазмедиа орталығы»  басқару компаниясының бас директоры.

2014-2016 жж. - «Коммерциялық телевизиялық канал» АҚ бас директоры.

2016-2017 жж. -  «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрғасының орынбасары.

2017-2018 гг. - Atameken Business Channel бақылау кеңесінің төрағасы.

2018 жылдың ақпан айынан бастап. - Atameken Business Channel,«MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС бас директоры.

Басқа да қызметтері:

2020 жылдың тамызанан бастап – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында 

Мемлекеттік наградалары:

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке алғысы (2005, 2011, 2012), Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің алғысы (2005).

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу