Сәйденов Әнуар Ғалимуллаұлы
"Қазақстан даму банкі" АҚ тәуелсіз директоры- директорлар кеңесінің мүшесі
3629 30.04.19, 14:28
Қазақстан даму банк тәуелсіз директоры- директорлар кеңесінің мүшесі
Әнуар Сәйденов 1965 жылы 19 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі:
1982 ж. - М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған.
1987 ж. - М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыған.
1989 ж. – Экономика ғылымдарының кандитаты атағын алған.
1994 ж. - Лондон университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген.
Еңбек жолы:
1982-1984 жж. – Жамбыл гидромелитарлық-құрылыс институтында саяси экономика кафедрасының тағылымгер-зерттеуші.
1987-1993 жж. - Жамбыл гидромелитарлық-құрылыс институтында аға оқытушы, марксизм-ленинизм, қоғамдық-саяси тәртіп кафердрасының меңгерушісі.
1993-1996 жж. - Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді.
1996-1998жж. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры.
1999 жылдың қаңтар- тамызы - Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы.
1999 жылдың тамызы – 2000 жылдың тамызы- Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.
2000 жылдың тамызы -2002 жылдың маусымы - «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ-ның басқармасы төрағасының міндетін атқарушы, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2002 жылдың маусымы – 2004 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2004 жылдың қаңтары – 2009 жылдың қаңтары - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.
2009 жылдың ақпаны – 16 наурыз - «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2009 жылдыңы наурызы – 2011 жылдың тамызы - «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасы.
2013 ақпанынан - «SB Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің төрағасы.
2018 жылдың қарашасынан - Қазақстан даму банк тәуелсіз директоры- директорлар кеңесінің мүшесі
Басқа қызметтері:
2000-2001 жж. - «Эксимбанк Қазақстан»ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
«Қазақстан жеке тұлғалараның салымдарын кепілдендіру қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2007 жылдың қыркүйегінен – «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық сараптамалық орталық» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан экономистер қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
2009 жылдың наурызынан - «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2009 жылдың шілдесінен - «БТА Қазақстан»ЖЗҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2009 жылдың қарашасынан - «Лондон-Алматы» СК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы,мүшесі, «БТА Сақтандыру» АҚ, «БТА Қамқор» АҚ, «БТА Өмір», «БТА Секьюритис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2011 жылдың тамызынан – 2013 жылдың ақпаны - «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 жылдың желтоқсанынан – 2018 жылдың қазанына дейін - «Bank RBК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2016 жылдың қаңтар- сәуірі - «Алматы халықаралық әуежай» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2014 жылдың қарашасы – 2016 жылдың сәуірі - «Алматы халықаралық әуежай» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры.
2016 жылдың сәуірі – 2019 жылдың сәуірі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі -тәуелсіз директоры.
2019 жылдың 30 сәуірінен – ЦентрКредит Банкте тәуелсіз директор ретінде директорлар кеңесінің мүшесі.