Сайтбеков Айдар Мүтәлікұлы

Айдар Сайтбеков ІІМ министрінің орынбасары

564
Сайтбеков Айдар Мүтәлікұлы Фото: gov.kz

Туған жылы: 1978 жылы туылған.

Білімі: 1999 жылы ІІМ Алматы академиясын бітірген. 

Саяси ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты.

1995 жылдан 1999 жыл аралығында ІІМ Алматы академиясында оқыды, оқуды аяқтағаннан кейін Алматы облысы ІІБ-ның тергеушісі болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2005 жыл аралығында Алматы облысы ІІБ жедел іздестіру құрамында лауазымды қызметтерді атқарды.

2005 жылдан 2008 жыл аралығында – Алматы облысы ІІД Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ бастығының орынбасары.

2008 жылдан 2009 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистранты.

2009 жылдан 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары.

2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы лауазымына тағайындалды.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы.

2020 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу