Сәкенов Олжас Берлесұлы

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы 

5593
Сәкенов Олжас Берлесұлы Фото: bolashak.gov.kz

Олжас Сәкенов 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі:

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «Халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек өтілі:

«Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның инвестициялық жобалар орталығын басқарды. Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында қызмет атқарды.

2023 жылғы 15 ақпанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу