Сапарбаев Бердібек Машбекұлы
Жамбыл облысының әкімі
12172 10.02.20, 19:58
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1977 ж. – Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
1969-1971 жж. – Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы.
1971-1973 жж. – әскери қызметін өткерді.
1977 ж. – Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист.
1977-1988 жж. – ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары.
1988-1993 жж. – жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, бас экономика басқармасының бастығы.
1993-1994 жж. – Президент аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары.
1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі;
1995 ж. – Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті аппаратының басшысы.
1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі.
1995-1999 жж. – Қызылорда облысының әкімі.
1999-2002 жж. – ОңтүстікҚазақстан облысының әкімі.
2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
2006-2007 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі.
2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2009-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – Ақтөбе облысының әкімі.
2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Басқа қызметтері:
Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының құрметті президенті.
2015 жылдың қарашасынан бастап – «Нұр Отан» партиясының Ақтөбедегі филиалының төрағасы.
2017 жылдың 17 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
2019 жылдың 20 тамызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары
2020 жылдың 10 ақпанынан – Жамбыл облысының әкімі
Мемлекеттік наградалары:«Парасат», «Құрмет» ордендері, медали, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қызылорда облысының құрметті азаматы.