Сапаров Айдарбек Сейпелұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі       

13936
Сапаров Айдарбек Сейпелұлы

Айдарбек Сейпелұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған.

Білімі:

1984 ж. – бухгалтерлік мектеп.

1992 ж. – Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

2006 ж - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін  «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолы:

1984 ж. – кеңшар бухгалтері.

1992-1995 жж. – Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры.

1995-2003 жж. – «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры.

2003-2005 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары.

2005-2006 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары..

2006 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы.

2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 

2008-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.

2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2001-2019 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 18 наурызынан – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

2023 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 

Мемлекеттік наградалары: «Кұрмет», «Парасат» ордендері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу