Сапаров Айдарбек Сейпілұлы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі    

19345
Сапаров Айдарбек Сейпілұлы Фото: Agropresskz

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоз есепшісі болып бастаған.

1992–1995 жылдары – Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

1995–2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2003–2005 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005–2006 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006–2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008–2010 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010–2011 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011–2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019–2022 – ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу