Сарбасов Ақмәди Әділұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі 

9196
Сарбасов Ақмәди Әділұлы

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы 4 қазанда дүниеге келген. 

Білімі:

1999 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 

2001 ж. – Еуразия гуманитарлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

2013 ж. – Орталық Қазақстандық академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж.  - ITC (ILO) халықаралық еңбек ұйымының халықаралық оқу орталығында тренинг-оқытудапн өткен.  

Назарбаев Университетінің жоғарғы мемлекеттік саясат мектебі. 

2013 ж. - Ли Куан Ю (Сингапур) мемлекеттік саясат мектебі .

Еңбек жолы:

1999-2005 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде маманы, жетекші маманы, бас маманы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау, бақылау бөлімінің басшысы. 

2005-2013 жж. -  Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау және халықты жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары, заң департаментінің, еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры, көші-қон комитет төрағасы.

2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы 

2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы денсаулық сақту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.

2017 жылдың қаңтарынан – 2019 жылдың мамыры - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 

2019 жылдың 2 мамырынан – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2020 жылдың 4 маусымынан бастап –  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу