Сәрсембаев Қанат Маратұлы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы
9768 27.01.21, 12:00
Қанат Сәрсембаев 1978 жылы 10 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
2000 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
2007 ж. - заң ғылымдарының кандидаты, «Әлемдік қаржылық дағдарыстардың экстерриториялық табиғаты жағдайындағы капитал ағындарын халықаралық-құқықтық реттеу» тақырыбында диссертация қорғаған.
Еңбек жолы:
2000-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маман, бас маман.
2002 - 2005 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің аға сарапшысының м. а., аға сарапшысы, бас сарапшы.
2005 - 2011 жылдары— ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі;
2011 - 2015 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2015 - 2017 жылдары - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды;
2017 - 2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2019 - 2021 жыл аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған;
2021 жылдың 27 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы.
Мемлекеттік наградалар:
Медальдар: «Ерен еңбегі үшін», мерейтойлық медаль «Конституцияға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл».