Саудабаев Серік Болатұлы
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы
7555 24.09.21, 19:02
Серік Саудабаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2000 жылы аға заң кеңесшісі қызметінен бастаған.
2002-2003 жылдары — «Астанателеком» кеңейтілген сервис орталығының инженері.
2003-2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.
2010-2014 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры.
2014-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ көлік-коммуникация активтерін басқару жөніндегі бас директордың орынбасары.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ «Коммуникациялар» дирекциясының директоры.
2010 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы ақпанға дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010 жылғы шілдеден 2014 жылғы наурызға дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2021 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Kcell» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «QazCloud» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.
2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.