Сәулекүл Сайлауқызы

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

417
Сәулекүл Сайлауқызы

Туған жылы: 1968 жылы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген

Білімі: Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын бітірген

Өзінің еңбек жолын 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде француз тілінің оқытушысы болып бастаған. 

1993 жылы СІМ-дегі аудармашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің референті ретінде дипломатиялық қызметке ауысады. СІМ Орталық аппаратында түрлі қызметтерді атқарып, Қазақстанның Франция, Израиль, Бельгия және Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтын басқарды.

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары болды.

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі

2024 жылы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу