Секенов Дастан Әбдіқадырұлы

Бас әскери прокурор  

16953
Секенов Дастан Әбдіқадырұлы

1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс жасады.

2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.

2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.

2018 жылы Президент Әкімшілігінде еңбек етіп, 2019 жылы Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2019-2021 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

2022 жылғы 8 шілдеде Бас әскери прокурор болып тағайындалды.

Сыныптық шені: әділет полковнигі. «Құрмет» орденімен марапатталған (2015ж.).

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу