Серік Жақсығалиұлы Борамбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

5253
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев  Фото: dknews.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. 

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің, ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу