Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті
5067 13.02.20, 18:48
Еркін Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тастүбек поселкесінде дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. – Киев азаматтық авиация инженерлері институтын тәмамдаған.
1998 ж. - «Ғарыштық ұшу аппараттары және үдемелі айдау блоктары» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.
Еңбек жолы:
1995-1997 жж. - старший лаборант, инженер второй категории лаборатории летательных аппаратов кафедры «Конструкция и испытания летательных аппаратов» филиала «Восход» МАИ, г. Байконыр.
1998 ж. - Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді.
1998-1999 жж. - Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің басшысы.
1999-2000 жж. - негізгі құралдарды есепке алуды бақылау бөлімінің бастығы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасы бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, Байқоңыр қаласы.
2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы кеңсесіндегі объектілердің пайдалану жағдайларын бақылау бөлімінің бастығы, Байқоңыр қаласы.
2002-2005 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы кеңсесінде объектілердің пайдалану жағдайларын сараптау және бақылау бөлімінің бастығы, Байқоңыр қаласы.
2005-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағының кеңсе меңгерушісі, Байқоңыр қаласы.
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, Байқоңыр қаласы.
2007-2014 жж. - заместитель председателя Национального космического агентства Республики Казахстан.
2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.
2016 жылғы қыркүйек-қазан айларында - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
2016-2019 жж - Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
2020 жылдың 13 ақпанынан - «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті.
Басқа да қызметтері:
2007 жылдың тамыз айынан бастап - «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық жабдықтардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалары:
Медальдары: «Ерен еңбегі үшін», Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы әкімшілігінің мерейтойлық медалі «Байқоңырдың 50 жылдығына», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»,
«Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін».