Шаймергенов Тимур Төлегенұлы
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпараттар комитеті төрағасы
6520 01.04.19, 11:30
Тимур Шаймергенов 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген
Білімі:
2004 ж. – Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтын тәмамдаған.
2009 ж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2009-2017 жж. - Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде жетекші құрамға арналған оқу бағдарламасынан өтті.Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент және тәуекелдерді басқару саласында маман біліктілігіне ие.
Еңбек жолы:
2004-2005 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықарылқ мәдени және білім беру ынтымақтастығы қызметінде ағылшын тілінен аудармашы болған.
2005-2006 жж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сыртқы саяси зерттеулер бөлімінде ғылыми қызметкер.
2006-2010 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы орынбасарының көмекшісі. және
2010-2011 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің қауіпсіздік кеңесі секторында сараптамалық бөлім кеңесшісі.
2011-2014 жж. - ҚР президенті әкімшілігінің жағдаяттық орталықтың сараптамалық секторы басшысы.
2014-2018 жж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғышы президенті-Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары.
2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі.
2019 жылдың 1 сәуірінен - Қазақстан Республикасы сыртық істер министрлігінің халықаралық ақпараттар комитеті төрағасы
Басқа қызметтері:
2006-2010 жж. – «Центральная Азия и Кавказ» әлеуметтік-саяси зерттеулер журналының редакция мүшесі.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрметті қызметкері.
Халықаралық зерттеулер королдік институтының (The Chatham House, Royal Institute of International Affairs) сараптамалық қоғамдастығы мүшесі.