Шәкқалиев Арман
Сауда және интеграция министрі
1022 02.09.23, 12:18
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі:
Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін ("заңгер" мамандығы), Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ("экономист" мамандығы), М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін ("Стандарттау, сертификаттау және метрология"мамандығы) бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.
2001 жылдан 2004 жылға дейін кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Қазақстан мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстан метрология институты" РМК директоры болып жұмыс істей бастады.
2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін - ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін-Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі.
2022 жылғы 11 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденінің иегері.