Шархан Иран Шарханұлы

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі 

6683
Шархан Иран Шарханұлы

Иран Шарханұлы 1987 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2009 жыл-Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

2012 жыл-Қазақ экономикасы, қаржы және халықаралық сауда университеті.

Еңбек өтілі: 

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласы, "Иран" ЖШС маркетинг жөніндегі бас маманы ретінде бастаған.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.

2015-2016 жж. ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2019 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. "ҚР СІМ Дипломатиялық сервисі" ШЖҚ РМК директорының міндетін уақытша атқарушы, "ҚР СІМ Дипломатиялық сервисі" ШЖҚ РМК директоры.

2020-2021 жж. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ басшысы.

2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ҚПИ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.

2022 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу