Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы 

4295
Шәріпов Мәжит Бейсембайұлы

Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі:

МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992-1999 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы.

2000-2008 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы.

2008-2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры. 2013-2014 жылдары — ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

2015-2020 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу