Шаяхметов Сәкен Бейімбетұлы
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
8092 20.02.20, 18:50
Сәкен Шаяхметов 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
АҚШ-тың Техас университетін (The University of Texas) «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлы ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University).
Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамалардан өткен.
Еңбек жолы:
2011 ж. - Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі.
2012-2014 жж. - Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист.
2017-2018 жж. - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2018-2020 жж. - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2020 жылдың 20 ақпанынан - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.