Щеглова Динара Ринатқызы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
9357 06.02.20, 13:30
Динара Щеглова 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2012 жылы — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2001-2008 жж. – әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.
2008-2009 жж. – ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші.
2011-2018 жж. – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі.
2018 жылдың қаңтар-маусымы – «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2018 жылдың 6 маусымы мен 2019 жылдың 4 сәуірі аралығында - Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.