Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
11032 18.08.20, 17:17
Руслан Шпекбаев 1968 жылы 23 ақпанда дүниеге келген.
Білімі:
Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін,
Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін,
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
1989 жылдан бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет атқарды.
1994-1995 жж. - ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті.
1996-1997 жж. - штаб бастығы – армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды.
1997 жылдан - мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі болды.
2003-2004 жж. - дивизия командирінің орынбасары – механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.
2004 жылы - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды.
2011-2012 жж. - Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары.
2012-2013 жж. - ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары - басқарма бастығы қызметін атқарды.
2013-2017 жж. - ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.
2017 жылдың тамызы – 2020 жылдың тамызы аралығында - ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болды.
2020 жылдың 18 тамызынан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.