Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі
7430 18.06.19, 11:04
Мақсат Сқақов 1978 жылы 9 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
2003 ж. – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «тарих, құқық негіздері және экономика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2009 ж. - Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. ,
2011 ж. – АҚШ-тың Йоркск Университетін бітірген, философия – экономика ғылымдарының докторы (Ph.D.).
2012 ж. – қайта даярлау курстары (Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы), мемлекет қызмет басшыларына арналған курстар (Назарбаев Университеті).
Еңбек жолы:
1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық ұланында әскери қызметін өтеу.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің қорғау қызметінің қызметкері.
2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің жастар саясаты департаментінің , басқармасы басшысының орынбасары.
2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы. Жеке сауда-кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары.
2006-2007 жж. - жеке сауда-кәсіпкерлік палатасының вице-президенті. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдер жөніндегі комитетінің төрағасы. 2014 жылдың шілдесінен бастап министрлік қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы бас прокурорының ерекше тапсырмалар бойынша кеңесшісі.
2017-2019 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 18 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
Мемлекеттік наградалары: медальдары: «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»; Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының құрмет грамотасы, ҚР Мәдениет министрінің құрмет грамотасы. Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», Қазақстан Республикасы Президенті қорғау қызметінің төс белгісі, Ғани Мұратбаев атындағы медаль, «Мұнайлы ауданына 10 жыл» медалі; «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төс белгісі; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалі.