Слямов Бақытжан Оразғалиұлы
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
7172 20.09.21, 20:46
Бақытжан Оразғалиұлы Слямов, 1983 жылы туған.
Білімі:
2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2005 жылы «Жеті Жарғы» ЖШС заң фирмасында заң кеңесшісінен бастап, директорға дейін жетті.
2009 жылдың қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің Кеңсесінде мемлекеттік қызметке депутаттың көмекшісі ретінде қабылданды, онда 2014 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.
2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, кеңесші, инспектор болып жұмыс істеді.
2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары және ішкі басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.