Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы
құрамына «Астана Моторс» ҚМК және Mega СОО желісі кіретін Astana Group компаниясының иесі
15027 12.10.19, 16:51
Нұрлан Смағұлов 1965 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1990 ж. – Қазақ мемлекеттік университетін «Биология и химия» мамандағы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1992 жылы автокөліктерді сату және сервистік қызмет көрсету, автокөлік құрастырумен айналысатын «Астана Моторс» ҚМК-ның негізін құраған. Бүгінгі күні «Астана Моторс» Қазақстанның нарығында танымал 10 автокөлік брендін ұсынып отыр.
- Hyundai-дың Қазақстандағы жеңіл және коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы, Subaru-дың Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, BMW, Mini-дің Қазақстандағы эксклюзивті импорттаушысы.
- Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Toyota-ның ресми дилері, Нұр-Сұлтан қаласында Lexus-тың ресми дилері, Алматыда Jaguar Land Rover мен Volvo-ның ресми дилері.
2011 жылы «Астана Моторс» Алматыда Hyundai-дың коммерциялық техникасын құрастыратын зауытты іске қосты. Тап қазіргі уақытта да кәсіпорында Hyundai, МАЗ коммерциялық техникасы құрастырылуда. Компанияның құрамына ASTANA MOTORS FINANCE еншілес бөлімшесі кіреді.
1996-2002 жж. – «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ-та жұмыс істеді.
1996-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.
2003-2007 жж. - «АТФБанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі
2003 жылдан бастап Mega ірі сауда-ойын-сауық желісін дамытумен айналысатын Mega Management девелоперлік бөлімшесінің тарихы басталады. Сондай-ақ компанияның құрамында «Алматы» қонақүй кешені, оңтүстік кореялық Angel-in-us.(Lotte Group) кофеханалар желісі кіреді.
2006 жылдың қаңтарында Нұрлан Смағұлов Astana Group компанясын құрды.
«Атамекен» ҰКП Төралқа мүшесі.
Басқа да қызметтері:
2019 жылдың 12 қазанынан – Қазақстан велоспорт федерациясының президенті
Мемлекеттік наградалары:
«Құрмет», «II дәрежелі Барыс» ордендері,ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, «Астананың 10 жылдығы» медалі.
2009 жылы «Жыл кәсіпкері» Entrepreneur of the year award) халықаралық конкурсының ұлттық кезеңінің жеңімпазы.
2010 жылдың қорытындысы бойынша «Эксперт Казахстан» журналының мәліметінше, «Жыл кәсіпкері» болды.
2011 жылдан Қазақстанның ең беделді, бай бизнесмендерінің ондығында.
2017 жылдан «Ана yйi» қорының демеушісі.