Смоляков Олег Александрович

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары 

3232
Смоляков Олег Александрович

Олег Смоляков 1975 жылы 31 шілдеде туған.  

Білімі:

1996 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.  

2001 ж. – Ұлттық саяси зерттеулер институты (National Graduate Institute for Policy Studies), Токио, Жапония, мемлекеттік саясат шебері. 

2011 ж. - Уорик университеті (University of Warwick), Ұлыбритания, қаржы және экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы:

1996-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі зерттеулер және статистика департаментінің төлем балансы және капиатла қозғалысы басқармасының халықаралық инвестициялар балансы секторының жетекші экономисі.

1998-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі зерттеулер және статистика департаментінің төлем балансы және капиатла қозғалысы басқармасының бас экономисі. 

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің төлем балансы басқармасы басшысының орынбасары. 

2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төлем балансы және валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары.

2006-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық басқармасының басшысы.

2011-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры.

2014 жылдың маусым-қыркүйегі - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры

2014 жылдың 19 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары   

Басқа қызметтері:

«Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2019 жылдың 23 сәуірінен – «Баспана»ипотекалық ұйымы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

Мемлекеттік наградалары:

«Қазақстан конституциясына 10 жыл» естелік белгісі.

 «ҚРҰБ-ның еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісі

Медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медальдары.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының алғыс хаты. 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы грамотасы.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу