Сүйінбаев Шыңғыс Нұрманұлы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары
2076 28.11.22, 16:31
Білімі:
Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетті «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласында «Қазақстан метрология институты» мемлекеттік республикалық кәсіпорны жанындағы «Қазақстан салыстырып тексеру қызметі» еншілес мемлекеттік ұйымының маманы болып бастады.
Одан кейінгі жылдары «Қазақстандық тексеру және сертификаттау орталығы» ЖШС және «ГОСТ СТАНДАРТ» ЖШС басшылық лауазымдарда қызмет етті.
Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарған.
2022 жылдың 28 қарашасыда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.