Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетінің төрайымы 

6237
Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы

Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген.

Білімі:

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты.

Еңбек жолы:

2005 ж. -Қазақстан Республикасы жастар конгресінің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.

2005-2006 жж. -  «Парасат» ақпараттық-талдамалық орталығы» ҚБ бас маманы.

2006–2008 жж. — Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008–2014 жж. —   мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.

2014–2016 жж. — Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электронды БАҚ басқармасының басшысы.

2016-2019 жж - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 21 мамырынан - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетінің төрайымы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу