Сүлейменов Серік Жүсіпұлы
Қазақстан Республикасы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
9648 06.04.20, 17:00
Серік Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1990 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1997 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1992-1997 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның заң қызметі басшысы.
1997-2003 жж. – «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2003-2013 жж. – энергетика саласында әртүрлі қызметтер атақарған: «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ президенті, «Маңғыстау электр таратушы желілік компания» АҚ басқарма төрағасы, «Қызылорда электр таратушы желілік компания» АҚ басқарма төрағасы.
2013-2015 жж. – мемлекеттік органдарда: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы.
2015-2019 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» ордені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдары.