Сүлейменов Жанат Қуанышұлы

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы 

6992
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы

Жанат Сүлейменов 1962 жылы 22 шілдеде Қарағанды облысы Нұра ауданының Кенжарық кентінде туған. 

Білімі:

1984 ж. – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2001 ж. – ҚР ІІМ Академиясында, магистратураны бітірген.

Еңбек жолы:

1984-1997 жж. – Көкшетау облыстық ішкі істер басқармасының жедел-басқару құрамында әртүрлі лауазымдық қызмет атқарған.

1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция департаменті Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы Тұлғаға қарсы қылмыстарды анықтау департаменті бастығының орынбасары.

2001-2003 жж. –ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары.

2004-2009 жж. – Павлодар облысы ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбаары.  

2009 жылдың ақпанынан – 2011 жылдың ақпаны аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы.

2011 жылдың ақпанынан – 2012 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалды полиция комитетінің төрағасы. 

2012 жылдың ақпаны – 2013 жылдың шілдесіне дейін – Көліктегі ішкі істер бөлімінің бастығы.

2013 жылдың шілдесінен – 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалды полиция комитетінің төрағасы.   

2014 жылдың қазаны – 2016 жылдың тамызына дейін – Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің басшысы. 

2016 жылдың тамызынан – 2017 жылдың желтоқсанына дейін – ОҚО ішкі істер департаментінің басшысы. 

2017 жылдың 11 желтоқсанынан – 2019 жылдың 6 сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.   Казахстан.

2020 жылдың 10 ақпанынан - Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы. 

Мемлекеттік наградалары: төсбелгілері: «Ішкі істер министрлігінде үздік қызметі үшін», «ІІМ-нің құрметті қызметкері», «Қазақстан полициясына 15 жыл», медальдар: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін».

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу