Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы
ҚР Оқу-ағарту министрі
9059 03.09.26, 12:30
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылы 25 тамызда дүниеге келген.
Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004-2006);
«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006);
Ы.Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007-2008);
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008-2011);
Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011);
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011-2012);
Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012-2019);
Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019-2021);
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021-2023);
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
2025 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.