Сұңғат Қуатұлы Есімханов

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы   

1684
Сұңғат Қуатұлы Есімханов

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 

2001-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында жұмыс істеді.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2010-2013 жылдары – "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті. 

2013-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылдың мамыр айынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2022 жылғы 31 тамызда ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу