Сыздықов Марат Зеникенұлы
ҰҚШҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі
16224 21.04.22, 11:57
Марат Зеникенұлы Сыздықов 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі:
1984-1986 жылдары - КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен
1991 жылы- С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
2006 жылы - Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі.
1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы.
1998-1999 – ҚР Президенті әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.
1999-2002 – ҚР Президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2010-2014 – ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.
2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2022 жылғы 21 сәуірде ҰҚШҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.