Табынбаев Нариман Болтайұлы
Алматы қаласы ОҚКА бас дәрігері
13291 20.06.22, 22:48
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген.
Білімі:
1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген;
2019-2020 жж. - Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) тағлымдамадан өткен.
Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек өтілі:
1984-1986 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ауруханасында дәрігер;
1986-1993 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары;
1994-96 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары;
1997-2007 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі;
2007-2008 жылдары бас дәрігер болды;
2008 жылдан Қызылорда қаласындағы медициналық орталықтың бас дәрігері.
2014-2015 жж – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ.
2015-2018 жж – Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының директоры, Астана қ.
2018-2020 - УОЗ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКҚК директоры, Алматы қ.
2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2022 жылдың 20 маусымында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.