Таханов Данияр Болатұлы
Атырау қаласының әкімі
451 30.09.26, 12:00
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Данияр Таханов тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Данияр Болатұлы Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін «Өндірістік-коммерциялық басқару» және «Өндірістік экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2009 жылы «ҚазҚұрылысСервис» АҚ-да бастап, түрлі лауазымда қызмет атқарған.
2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеді.
2012–2017 жылдары «Орал» ӘӘК басқарма төрағасының орынбасары және «Atyrau Innovations» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бастап «Атырау» ӘӘК» АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы болып қызмет етті.
2022 жылғы мамырдан бері «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Атырау қаласының әкімі міндетін атқарады.
Облыс әкімі Болат Ақшолақов қаланың жаңа әкіміне халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюды тапсырып, жұмыспен қамтуға, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, кәріз және электрмен қамту жүйесін жаңартуға, жылыту науқанына, тұрғындарды апатты үйлерден көшіруге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қаланы көркейтуге баса назар аударуды жүктеді.