Такиев Мәди Төкешұлы

ҚР Қаржы министрі  

26626
Такиев Мәди Төкешұлы Фото: primeminister.kz

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында туған.

Білімі:

1998 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. сондай-ақ атындағы университетті тамамдаған.

2005 ж. – Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. – Халықаралық бизнес университетін, «Іскерлік әкімшілдендіру магистрі» мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан  Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

Мәди Такиев 2019 жылғы 12 наурызда Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін болды.

2020 жылғы 24 қыркүйекте Такиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2023 жылғы наурызда аяқтады.

2023 жылғы 15 ақпанда Такиев Аманат партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болды. 28 наурызда ол партия атынан VIII сайланым депутаты болып сайланды.

2024 жылғы 5 ақпанда қызметінен босатылды. Жаңа премьер Олжас Бектенов болды да, жаңа үкіметтің Қаржы министрі болып Мәди Такиев тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен  Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдары, «Салық қызметінің үздігі» атағы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу