Тәңірберген Саидмұрат Бапанұлы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының экс-басшысы 

3123
Тәңірберген Саидмұрат Бапанұлы

Саидмұрат Тәңірберген 1956 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 

Білімі:

Қазақ политехникалық институты, мамандығы – «механик»

Еңбек жолы:

1979-1980 жж. - «Ремстройтехника» БК, инженер-технолог.

1980-1981 жж. - «Уран» ҰБК инженер-технолог..

1981-1983 жж. - ҚазПТИ аға ғылыми қызметкер, оқытушы.

1983-1992 жж. - РҒЗИ-да кіші, аға ғылыми қызметкер, инженер-технолог, сектор, зертхана, бөлім басшысы.

1992 ж. -  «КЭМПО» корпорациясында бас маман, бөлім басшысы.   

1992-1997 жж. -  Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім басшысы, қорғаныс бағдарламалары басқармасының басшысы.

1997 ж. - Қазақстан Республикасы экономика министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттік директоры.

1997-1999 жж. -  Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры.

1999-2002 жж. -  Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі аппаратының халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің басшысы.

2002-2004 жж. – сектор меңгерушісі, хатшылық басшысының орынбасары. 

2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың наурызы – 2015 жылдың маусымына дейін - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылдың маусымы – 2019 жылдың мамыры -  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу