Тәжин Марат Мұқанбетқазыұлы

Қазақстан Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы

7137
Тәжин Марат Мұқанбетқазыұлы

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбеде дүниеге келген. 

Білімі:

1981 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты.  

1987-1988 жж. – Лондон университетінің тағлымгері.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгерген. 

Еңбек жолы:

1981-1983 жж. – Қазақ ССР-і ғылым академиясының өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің инженер-экономисі.

1983-1987 жж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, аспирант.

1988-1991 жж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  әлеуметтану кафедрасының доценті, аға оқытушы.

1991-1992 жж. –  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білктілігін арттыру институтында кафедра меңгерушісі.

1992-1993 жж. –  Қазақстан Республикасы президенті аппараты мен министрлер кабинетінің сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

1993 жылдың қаңтар-маусымы – Қазақстан Республикасы президенті аппараты мен министрлер кабинетінің сыртқы саясат бөлімі меңгерушісі.

1993-1994 жж. –  президент аппараты мен министрлер кабинеті басшысының орынбасары- ақпараттық-сараптамалық орталық жетекшісі.

1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі- Қазақстан Республикасы президенті аппаратының ақпараттық-сараптамалық орталығының жетекшісі. 

1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары- сараптама-стартегиялық зерттеулер орталығының басшысы. 

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі- ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.  

2001 жылдың мамыр-желтоқсаны – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі көмекшісі- Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 

2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 

2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары- ішкі саясат басқармасының басшысы.

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары

2006-2007 жж. –  Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі- ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.  

2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі. 

2009-2013 жж. – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі- ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.  

2013 жылдың қаңтары – 2014 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.  

2014 жылдың 11 ақпаны – 2017 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі.  

2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы.  

Мемлекеттік наградалары: ордендер: I дәрежелі «Барыс», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс», Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.    

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу