Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
20662 14.08.23, 22:32
1968 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
1990 ж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, философ.
Әр жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Африка және Азия елдері интитутында және Йенсе Университеті жанындағы тілдер институтында (Корей Республикасы) тағлымдамадан өткен. Ағылшын және корей тілдерін біледі.
Еңбек жолы:
Университетті бітіргеннен кейін, Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедрасында жұмыс істеген.
1993-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минстрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екі жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Израилдегі Елшілігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы істерінің Израилдегі Уақытша сенімді өкілі. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік хатшы кеңесшісі.
2003-2004 жж. – ҚР сыртқы істер вице-министрі.
2004-2009 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.
2009-2015 жж. – ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы.
2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елші болып аккредиттелді.
2016-2019 жылдары ҚР сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР сыртқы істер министрі.
2021 жылғы 18 қаңтардан - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.
2023 жылғы 14 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.) және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010 ж.).
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.