Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

Қазақстан Республикасы Президенті 

26551
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында туған. 

Білімі:

1975 ж. – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1992 ж. – РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар кандидаты. 

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін біледі. 

Еңбек жолы:

1975-1979 жж. –  КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында,  кезекші референт, Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігінде референт. 

1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды. 1992 жылы наурызда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары.

1979-1983 жж. –  аға референт, атташе, –  КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы. 

1983-1984 жж. – Бейжің Тіл институтында бір жылдық лингистикалық институтте тағлымдамадан өтті.

1984-1985 жж. – КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы.

1985-1991 жж.– КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде екінші, бірінші хатшы.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.

1994-1999 жж. –  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі.

1999 ж. –  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 

2002-2003 жж. –  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер Министрі.

2003-2007 жж. –  Сыртқы істер Министрі.

2007-2011 жж. – депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы.   

2011-2013 жж. – БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропалық бөлімінің басшысы. 

2013 жылдың 16 қазанынан – ҚР Парламент сенатының спикері. 

2017 жылдың 13 қыркүйегінен – ҚР Парламент сенатының депутаты .

2019 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасының Президенті.

Мемлекеттік наградалары:  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Парасат», Дружбы (РФ) ордендері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу