Тоқтабаев Тимур Серікұлы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі
7125 18.12.19, 16:40
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі
Тимур Тоқтабаев 1981 жылы 26 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
2003 ж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын тәмамдаған.
2006 ж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
2009 ж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орны геологиясы және барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2003-2006 жж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында қызмет еткен.
2006 ж. – «Қазгеоақпарат» РГЗО басшысының орынбасары.
2006-2008 жж. – Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының кеңесшісі.
2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары.
2010-2011 жж. – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да департамент директоры.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары.
2013-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаменті директоры.
2016 жылдың қаңтар-шілдесі – Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің этика жөніндегі уәкілі.
2016 жылыдң 11 шілдесінен – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
2019 жылдың ақпанынан 18 желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.