Тортаев Бауыржан Қадырұлы

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары  

5055
Тортаев Бауыржан Қадырұлы

Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.   

Білімі:

1991 ж. – С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1991-1992 жж. – Семей тауар-шикізат биржасының ақпараттық-анықтама орталығының маманы, «Байгел» ШК инженер-бағдарламашы. 

1992-1995 жж. - «Дидар» ШЖК бас бухгалтері,  «Арпа Масағы» ШЖК бас бухгалтері,  «Шарт» ҚК коммерциялық директоры,  Семей «Шаруашылық тауарлар» АҚ бас бухгалтері.

1996-1997 жж. – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы. 

1997-1998 жж. – Семей қаласы әкімі аппаратының жиынтық экономикалық бөлімінің консультанты. 

1998-1999 жж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы басшысының орынбасары. 

1999-2000 жж. - Шығыс Қазақстан облысы статисика басқармасының ақпараттық-статистика орталығы басшысы.

2002-2008 жж. – Қазақстан Республикасы статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 

2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры. 

2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры.   

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы

2019 жылдың 23 сәуірінен – Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу