Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы
21102 06.02.21, 20:25
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
1980 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген.
2000 ж. – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.
Филология ғылымының кандидаты
Еңбек жолы:
1980-1993 жж - Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.
1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.
1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.
1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы.
1999-2004 жж. – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2006-2007 жж. – ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
2010 жылдан – Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі.
2016 жылғы 6 қазаннан 2018 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2018 жылдың 20 маусымынан – 2019 жылдың 28 ақпанына дейін– Түркістан облысының әкімі.
2019 жылдың 28 ақпанынан – Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы.
Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» және «Парасат» ордендері, медальдар иесі