Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

Түркістан қаласының әкімі 

21121
Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған.  

Білімі:

2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 ж. - М.Дулати атындағыТараз атындағы мемлекеттік университетін бітірген.

Мамандығы инженер-экономист.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі.

2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры

2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры

2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Түлкібас ауданының әкімі

2020 жылдың мамырынан бастап Ордабасы ауданының әкімі қызметтерін атқарды.