Тұрсынов Әділ Қапанұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары 

12924
Тұрсынов Әділ Қапанұлы

Әділ Тұрсынов 1973 жылы 5 мамырда туған.

Білімі:

1994 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

 2001 ж. – ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

1994-1996 жж. – ҚР СІМ халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, атташесі.

1996-1999 жж. – Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігінде атташе, үшінші хатшы, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшілігінде екінші хатшы.

1999-2001 жж. – ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

2001-2004 жж. – ҚР сыртқы істер министрлігінде түрлі басшылық лауазымдар атқарды.

2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі (кеңесші-уәкіл)

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2009-2012 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры.

2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Грузиядағы уақытша сенімді өкілі, Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2016 жж. – ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры.

2016 жылдың мамыры – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2019 жылдың 28 наурызынан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі және кеңесші.

2022 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу