Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы

Алматы қаласының экс-әкімі 

20552
Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 

Білімі:

2001 ж. –  Таяу шығыс техникалық университетін (Түркия) «халықаралық қатынастар бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.   

2004 ж. - Торонто университетін (Канада) «гуманитарлық ғылымдар магистрі» мамандығы бойынша бітірген.   

Еңбек жолы:

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас сарапшысы.

2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің үшінші хатшысы.

2007 жылдың наурыз – сәуірі - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау бөлімінің бастығы.

2007 жылдың сәуірі – 2008 жылдың наурызы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Хатшылығы - Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы.

2008 жылдың наурызы – 2009 жылдың шілдесі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі.

2009 жылдың шілдесі – 2009 жылдың қыркүйегі -  ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты.

2009 жылдың қыркүйегі – 2012 жылдың ақпаны - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру  жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2012 жылдың ақпаны – 2016 жылдың қазаны - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың қазаны – 2017 жылдың қарашасы – ҚР Индустриялық даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы. 

2017 жылдың қарашасы – 2019 жылдың шілдесі - «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.

2019 жылдың 11 шілдесі –  Алматы қаласының экс-әкімі.

Басқа да қызметтері:

2012 ж. -  «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 ж. - «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

«Болашақ» қауымдастығының мүшесі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу