Үкібай Айдос Ыдырысұлы

Елбасының баспасөз хатшысы

8662
Үкібай Айдос Ыдырысұлы

Айдос Үкібай 1975 жылы 27 шілдеде Алматы облысында туған.

Білімі:

1997 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-ны журналист мамандығы бойынша бітірген.

2015 ж. – Назарбаев Университетінің жоғары бизнес мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998-2011 жж. – «Хабар» АҚ ақпараттық жобалар департаментінің басшысы, «Хабар» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

2011-2016 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы.

2016 жылдың мамыры – 2019 жылдың 22 наурызы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан – Елбасының баспасөз хатшысы.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, екі мерейтойлық медаль.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу