Уранхаев Нұрлан Тельманұлы

 Абай облысының әкімі.  

26893
Уранхаев Нұрлан Тельманұлы

Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 

Білімі:

1987 ж. - В.И. Ленина атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик»  мамандығы бойынша бітірген.   

2001 ж. – Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.  

2006 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді.

1995-1997 жж. - Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы.

2001-2003 жж. - «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Иркутск облысы.

2003-2005 жж. - Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы.

2005-2006 жж. – Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

2006-2007 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.   

2007 ж. -  Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы.

2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор. 

2009-2010 жж. - «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы.

2010-2013 жж. - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жж. - Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 ж. -   Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары.

2015-2017 жж. -  Ұлттық экономика министрлігінің ««ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры.

2017-2018 жж. -  Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.  

2019 жылдың 13 мамырынан -  Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы.

2022 жылдың 11 маусымында Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу