Ваисов Даниель Мерейұлы
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
2940 14.02.23, 16:41
Даниель Мерейұлы Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
«Әділет» жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жеке шарты бойынша оператор болып бастаған.
2002-2003 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің Салық төлеушілермен жұмыс департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті бөлімдерінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2003-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, бас заңгері лауазымдарында жұмыс істеді.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры.
2010-2020 жылдары «PSA» ЖШС әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.
2020 жылдан 2023 жылға дейін «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сатып алуды бақылау жөніндегі Орталықтандырылған қызметінің басшысы.