Якупбаева Юлия Константиновна
«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы туристік сала комитеті төрағасы
10338 27.09.21, 17:05
Юлия Якупбаева 1977 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі:
1998 жылы – Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкі Қаржы қадағалауы департаментінен бастады, онда жетекіші маманнан бас маманға дейін 4 жыл жұмыс істеді.
2002-2007 жж. Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы секторы департаментінің директоры.
2007-2011 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры.
2011-2012 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Кеңесі Басқарма Төрағасының орынбасары.
2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарма мүшесі–Басқарушы директор, Қаржы секторы, салық салу, тариф белгілеу және бәсекелестік секторға жетекшілік етті.
2013 жыл қараша 2014 жыл қазанға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі.
Тәуелсіз директор-бірқатар компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі («Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақ туризмі» ҰК» АҚ) лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі болды.
2017 жылдан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.
2014 жыл қазаннан 2019 жыл сәуірге дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.
2017 жыл ақпаннан 2018 жыл тамызға дейін - Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығын басқарды.
2019 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі болды.
Мемлекеттік және қоғамдық наградалардың иегері. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасы, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары, «Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының «Мерей» қоғамдық ордені, «Атамекен» ҚР ҰКП «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалімен марапатталған.